Жаңалықтар

Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықова Алматыға келді

ашық дереккөзі

Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықова Алматыға келді

Ла-Манш бұғазын тұңғыш рет жүзіп өткен қазақстандық триатлоншы Әнел Сытдықова Қазақстанға келді.   Санаулы күн бұрын қазақстандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіреткен болатын. Әнел Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымын 15 сағат 15 минутта гидрокостюм кимей жүзіп өтті. Бұғаз суының температурасы 15-16 градус екенін ескерсек, Әнелдің әрекеті - ерлікке пара-пар. Бүгін Алматы халықаралық әуежайында Әнел Сытдықованы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қошеметпен қарсы алды.