Президент Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді
Президент Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды. Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.
Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.