Жаңалықтар

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары Индонезияны ұтты

ашық дереккөзі

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары Индонезияны ұтты

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті деп хабарлайды Olympic.kz.  Үш партияға созылған кездесуде қазақстандықтар 3:0 (25:19, 25:15, 23:17) есебімен жеңіске жетті.  Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті. Біздің команда қатарында Жапония, Қытай және Индонезия бар.  Топтық кездесуде Қытайға қарсы өткен ойында Қазақстан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын.