Жаңалықтар

Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелерінің тізімі шықты

Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелерінің тізімі шықты

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 190 білім беру грантын тағайындау үшін құжаттар  қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Байқауға 129 абитуриент қатысып, олардың 102-і білім гранттарын иеленді. Айта кетерлігі, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана берілді.