Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

23 тамыз, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. «Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді. Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады», деп жазды Берік Уәли.