Заманауи үлгідегі жаңа нысан салу үшін Шымкент әкімдігі қаладағы «Қызғалдақ» субұрқағы сүріп тастамақ. Бұл туралы шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында жария етті, деп хабарлайды NUR.KZ.
Әкімнің айтуынша, бұл субұрқақ қаланың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сәйкес жаңарады. Әзірге жаңа нысанның кескіні белгісіз. Тәуке хан мен Б.Момышұлы даңғылындағы «Жастар» аллеясы маңында орналасқан ерекше дизайндағы «Қызғалдақ» субұрқағы 2010 жылы Шымкент қаласының туған күні қарсаңында пайдалануға берілген болатын. Құрылыс жұмыстарын «Шымкентжилстрой» ЖШС жүргізген. Субұрқақтағы қызғалдақ салмағы 7 тонна. Биіктігі – 10 метр. Ал ондағы күлтелердің әрбірінің диаметрі 7 метрді құрайды. Ондағы қауыздың диаметрі 30 метрге жетеді. Субұрқақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған. Оған 52 млн теңге қаржы жұмсалған.
Қала әкімінің жоспарын депутаттар бірден қолдаған. Алайда қала тұрғындары мұндай шешімге разы емес. Олар қыруар қаржының желге ұшатынына наразы.
Шымкент әкімдігі 52 млн. теңгені желге ұшырмақ

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг»...
Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды
Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады....
Елімізде ет бағасы қымбаттады
Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған....