Әлемнің ең көп ақы төленетін актері белгілі болды
Әлемнің ең көп ақы төленетін актері белгілі болды
Жақында ғана үйленген Дуэйн Джонсон ең көп ақы төленетін актерлер тізімінің басқарды, деп хабарлайды Entertainment Weekly Forbes журналына сілтеме жасап.
Джонсон 1018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың маусымына дейін 89,4 миллион доллар табыс тапқан. «Джонсон өткен жылы шыққан «Көк тіреген үй» фильмінде басты рөлді сомдаған еді. Бұдан басқа актер «Футболшылар» сериалында әр эпизод үшін 700 мың доллар тапты», деп атап өткен Forbes журналында Мадлен Берг.
Кассалық франшизадан да актер проценттер алып отырады. Ал өткен жылы көш бастаған Джордж Клуни ондыққа ене алмай қалды. Екінші және үшінші орындарды Крис Хемсворт (62,9 млн доллар) және кіші-Роберт Дауни (66 млн) бөлісті. Олардан кейін Ашкай Кумар (65 млн) мен Джеки Чан (58 млн) келеді. Сондай-ақ ондыққа Брэдли Купер (57 млн), Адам Сэндлер ( 57 млн), Крис Эванс (43,5 млн), Пол Радд (42 млн) және Уилл Смит (35 млн) енді.