Президент Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

21 тамыз, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Президент Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.  Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы А.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.