Үш облыста жел соғып, бұршақ күтіледі

21 тамыз, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Үш облыста жел соғып, бұршақ күтіледі
22 тамыз күні үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды.
22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %. 22 тамызда күндіз Маңғыстау облысынының кей жерлерінде 39 градусқа дейін қатты ыстық  күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы  90-95%. 22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.