Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,31 долларға қымбаттап, баррелі 60,05 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,13 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,34 доллар болды.