Жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің кезекті кездесуіне байланысты ресми хабар тарады

ашық дереккөзі

Данияр Елеусіновтің кезекті кездесуіне байланысты ресми хабар тарады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО), келесі жекпе-жегінің ресми анонсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Twitter желісіндегі аккаунтында Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мәлім етті. Айқас 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден»-де өтеді. Елеусіновтің бұл жолғы қарсыласы - 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс(12-0-1, 6 КО). Жекпе-жек он раунд форматында өтеді. Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) кездесуі кештің басты оқиғасы атанады. Еске салайық, 25 мамырда өткен соңғы жекпе-жегінде Елеусінов төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңген еді.