Жәрдемақы мен шәкіртақы 25 пайызға өседі

Жәрдемақы мен шәкіртақы 25 пайызға өседі

Жәрдемақы мен шәкіртақы 25 пайызға өседі
ашық дереккөзі

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы 25 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында  айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз бола алады», – деді.

Сондай-ақ, Елбасы халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі қымбат киімдер мен автокөліктер сатып алуда алдына жан салмайтындарды сынға алды. «Шетелдерге барсаң, миллиардер дегендер қымбат киім кимейді, тіпті Швейцарияда байлар барып арзан киім-кешек сатып алатын дүкендер бар. Елдің көзіне түспеу үшін, қызғандырмау үшін, өзгелердің наразылығын тудырмау үшін.  Ал бізде қалай? Көліктің ең үлкенін, киімнің ең жарқырағанын, әйелдеріміз мойнына ең бай тастарды тағады. Дүниеде ешкім бұлай жасамайды», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, кеше, яғни, 30 қараша күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Бұл Жолдау әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арналды.