Жаңалықтар

Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

ашық дереккөзі

Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

Ақтөбе қаласында 3 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға 19 тамыз күні сағат 21:50-де болған. 3 жас 5 айлық бала Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасына ес-түзсіз жеткізілген. «Дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне апарып, құтқару жұмыстарын жүргізді, өкінішке орай балана аман алып қала алмады. Диагнозы – ашық бас-ми жарақаты. Баланың басына қатты зақым келген. Бас сүйегінің негізгі бөлігі сынған. Кеуде тұсындағы сүйек сынып, өкпесіне қан құйылған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлерге анасы баланың үстіне теледидар құлап кеткенін айтып берген. Баланың өлімі тіркелген соң сот-медициналық сараптамаға жіберілді.