Елбасының баспасөз қызметі instagram желісіне жаңа бейне жүктеді

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі elbasy_nazarbaev ресми парақшасында бейнежазба жариялады.
Оның мәтініне Елбасының туған жері туралы өз сөзі жазылған.
"Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…"