Канадалық қарсыласын жеңгеннен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті

Канадалық қарсыласын жеңгеннен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті

Канадалық қарсыласын жеңгеннен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды жеңіп (27-4-3, 11 КО), беделді Boxrec.com сайтындағы өзінің рейтингін жоғарылата түсті, деп хабарлайды Sports.kz. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, BoxRec рейтингінде 64-тен 63-ші орынға көтерілді. Бұл жеңісімен Жәнібек өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды. Бұл атақтарға 26 жастағы қазақстандық сәуір айында төрешілердің бірауыздан қолдауымен мексикалық Кристиана Оливасты (16-5, 13 КО) жеңуінің арқасында қол жеткізген болатын.