Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды
19 тамыз, 2019 /
Túrkistan Gazeti
Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды
Шығыс Қазақстанда сүңгуірлер Бұқтырма өзеніне батып кеткен көлікті жағаға шығарды. Автокөліктің ішінен жүргізушінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД-ның Жедел құтқару жасағы іздестіру жұмыстары барысында Бұқтырма өзенінде жағалауға жақын маңнан «Опель» маркалы автокөлікті тапты. Сондай-ақ көлік ішінде болған ер адамның көз жұмғаны анықталып отыр. «Біздің құтқарушылар тобы дереу полиция қызметкерлеріне хабар берді. Жағдайды құзыретті органдар мүмкіндігінше анықтауы керек», - дейді Жедел құтқару жасағы №8 бөлімшесінің басшысы Наурыз Смағұлов.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себебі мен мән-жайын жан-жақты қарастыруда. Көлікте қаза тапқан азаматтың аты-жөні анықталды.