Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды

Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды

Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстанда сүңгуірлер Бұқтырма өзеніне батып кеткен көлікті жағаға шығарды. Автокөліктің ішінен жүргізушінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап. ШҚО ТЖД-ның Жедел құтқару жасағы іздестіру жұмыстары барысында Бұқтырма өзенінде жағалауға жақын маңнан «Опель» маркалы автокөлікті тапты. Сондай-ақ көлік ішінде болған ер адамның көз жұмғаны анықталып отыр. «Біздің құтқарушылар тобы дереу полиция қызметкерлеріне хабар берді. Жағдайды құзыретті органдар мүмкіндігінше анықтауы керек», - дейді Жедел құтқару жасағы №8 бөлімшесінің басшысы Наурыз Смағұлов. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себебі мен мән-жайын жан-жақты қарастыруда. Көлікте қаза тапқан азаматтың аты-жөні анықталды.