Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ жауып, тұман түседі

15 тамыз, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ жауып, тұман түседі Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 16 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік бағыттан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. 16 тамыз түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.