Олжас Беркінбаев: Әрбір азамат ел не береді деп емес, елге не беремін деп ойланса...

Олжас Беркінбаев: Әрбір азамат ел не береді деп емес, елге не беремін деп ойланса...

Олжас Беркінбаев: Әрбір азамат ел не береді деп емес, елге не беремін деп ойланса...
ашық дереккөзі
Қазақстан әлеуметтік мемлекет. Яғни, азаматтарға түрлі қолдаулар мен әлеуметтік қамқорлықтар жасалып келеді деген сөз. Оның ішінде түрлі бизнес бастаулар мен стартаптарға да көңіл аударылып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғам тарапына да жасалып отырған жақсы бастамалар бар. Биыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланды. 4 миллионнан астам жастың үлкен күш екені анық. Ел жастары үшін биыл біршама жағдайлар жасалуда. Оның бірі – Президент Қ.То­қа­ев Мемлекеттік басқару жүйе­сіне жастар кадрлық резервін жасақтауда. 1 қыркүйектен бастап, аталмыш резервке құжат қабылдау басталады. Оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады екен. Осындай мүмкіндіктер тұрғанда әрбіріміз елімнен не аламын деп емес, мен еліме не беремін деп алға ұмтылғанымыз бәсекелестікке толы қазіргі заманның талабы секілді.