Қали Сәрсенбай: Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал басқаратын

Қали Сәрсенбай: Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал басқаратын

Қали Сәрсенбай: Кезінде бір ауылды бір бай  асырап, бір ақсақал басқаратын
ашық дереккөзі
Біздегі жалқаулықты екі түрге бөліп қарауға болады. Біріншісі, рухани жалқаулық. Ол әлгі Міржақып Ду­ла­тов­тың «Оян қа­зақ» деп жүргені сол. Екіншісі, материалдық жалқаулық. Бұл да түсінікті мәселе. Бізге бұл жалқаулық социалистік жүйеден қалған әдет. Ол кезде барлығы тегін болды. Ауырсаң тегін емдейді, жұмыссыз болсаң жұмыс­қа шақырады. Барлығын үкімет өзі ұйым­дастырады. Сондықтан да «үкі­метім өлтірмейді» деп отыра берген.  Ал шын мәнінде біздің халқымызда не­гізін­де жалқаулық болмаған еді. Мәсе­лен осыдан бір ғасыр бұрын Алаш орда көсемдері шықты, тарих сахнасына. Және олар бірлі-жарым емес лек-легімен, топ болып шықты. Әрқай­сысы ерекше қабілетті, дара тұлғалар болды. Барлығы халқын өнер-білімге, ғылымға, өркениет­ке шақырды. Олар азғантай өмір­лерінде артына мол мұра қал­дырды. Сол сияқты 1986 жылғы дүмпу де біздің халқымыздан шықты. Егер ешбір ойсыз, ұйқыда жатқан жалқау халық болсақ, мұндай тарихи оқи­ға­лар біздің елімізде болмаған болар еді. Сондықтан бұл жердегі аталып отырған жалқаулық шартты түрдегі нәрсе. Біз социалистік жүйеден кейін бірден нарықтық қоғамға өттік. Және ешқандай дайындықсыз өттік. Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал ақыл айтып басқаратын. Халықтың қаржылық сауатын артыруда, нарыққа бе­йім­­деуде ұлттық буржуазия жұ­мыс істеу керек еді. Ұлттық идеология дұрыс жолға қойылмады. Мұның барлығы кешенді жобалар арқылы іске асатын ауқымды жұмыстар. Ал мемлекет халқы­ның әлсіз тобына көмек қолын созады. Бұл түсінікті. Бірақ тұрғын­дардың 70-80 пайызы үкіметтен көмек күтетін болса бұл дұрыс түсінік емес.