Көкшетауда «Оқжетпестің» 19 жастағы ойыншысы көз жұмды

Көкшетауда «Оқжетпестің» 19 жастағы ойыншысы көз жұмды

Көкшетауда «Оқжетпестің» 19 жастағы ойыншысы көз жұмды
ашық дереккөзі
Көкшетауда «Оқжетпес» футбол кулбының 19 жастағы ойыншысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Футбол клубының сайтында марқұмның туысқандарына көңіл айтқан. «Жақындарың мен туысқандарыңан, достарыңнан айырылу өте ауыр. Жастардың, дені сау және мықты жігіттердің арамыздан кетуі тіптен қиын. «Оқжетпес» футбол клубының ұжымы Роман Зюзиннің өмірден өтуіне байланысты жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Роман Көкшетау футбол клубының тәрбиеленушісі, «Оқжетпес» жастар командасында ойнаған», делінген жазбада. Футбол кулбының баспасөз қызметі растағандай, 19 жастағы Роман Зюзин екінші мауысымда «Оқжетпес» жастар командасында өнер көрсеткен. Дәрігерлер футболшының өлімі себебін, дәрігерлік құпия деп ашып айтпай отыр.