Арыс қаласында 6952 үй қалпына келтірілді
Арыс қаласында 6952 үй қалпына келтірілді
Негізгі қалпына келтіру жұмыстары Арыс тұрғын үй қорының 6952 нысанында аяқталды, бұл 6869 жеке үй және 83 көпқабатты үй. 1704 үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада 9 мыңға жуық құрылысшы еңбек етуде. Бүгінгі таңда олар 7 әлеуметтік және 285 коммерциялық нысандарды жөндеуден өткізді.
17 сектордағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.