Жаңалықтар

Wi-Fi-дың баламасы – Li-Fi қолданысқа енбек

ашық дереккөзі

Wi-Fi-дың баламасы – Li-Fi қолданысқа енбек

Ғалымдар 4 жылын сарп еткен жаңа технология – Li-Fi-дың қолданысқа енетін күні жақын. Бұл – бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы. Ғылым мен технологияның жаңалығын Mashable жариялады. Мамандардың айтуынша, Li-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түспек. Бұл жүйе ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді. 2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық – секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Жаңа технологияның артықшылығымен қоса кемшілігі де баршылық. Wi-Fi-мен салыстырғанда, Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісіне сұғын кіретіндердің әрекетіне тосқауыл қоюға мүмкіндік туады.