Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

15 тамызда елордалық «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді деп қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды. Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарын 100-ге жуық жұмыс беруші ұсынады. Іс-шара сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы 34 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жастар» Сарайының фойесінде өтпек. Оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілердің алдын-ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.