4 адамның өмірін қиған жүргізуші 2 айға қамалды

4 адамның өмірін қиған жүргізуші 2 айға қамалды

4 адамның өмірін қиған жүргізуші 2 айға қамалды
ашық дереккөзі

Шымкент қаласындағы 4 адамның өліміне себепші болған жол апатына кінәлі жүргізуші сот залында қамауға алынды. Бұл туралы «Отырар» телеарнасы хабарлады.

22 қараша күні Шымкент қаласының Байтұрсынов көшесінде Лексус автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Ауди көлігін соққан болатын. Қатты соққыдан екінші көліктегі 4 адам оқиға орнында мерт болды. Қайғылы жағдайға кінәлі жүргізуші Тәнкевтің үстінен Қылмысты кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  әл-Фараби аудандық соты айыпталушыны 2 айға бас бостандығынан айыу туралы үкім шығарды.

 Прокурор күдіктінің қашып кету қауіпі барын ескеріп, тергеушінің талабын қанағаттандыруды сұрады. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші марқұмдардың туыстарынан сот залында кешірім сұрады: «Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Қайтыс болғандардың туыстарынан кешірім сұраймын. Марқұм Бекзатты көргенмін. Басқа қайтыс болған адамдардың суреттерін де көрдім. Әлі күнге бейнелері көз алдымнан кетпейді. Туыстарынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын», – деді айыпталушы. Жол ережесіне пысқырып қарамайтын жүргізушілерге бұл оқиға сабақ болса игі.