Телефон алаяқтары картадан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін шығарды
Телефон алаяқтары картадан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін шығарды
Телефон алаяқтары банк карталарының иелерін алдаудың жаңа жолын тапты. Бұл туралы BAQ.KZ ақпараттық агенттігі хабарлады.
Алаяқ карта иесіне қоңырау шалып, банк қызметкері болып танысады және үйден тыс жерде транзакция жүргізіліп жатқаны тіркелгенін айтады. Қылмыскер картаны бұғаттағанын айтып, карта деректерін сұрамайды, бірақ жеке кабинетіне кіріп жүрген құрылғылардың тізімін сұрайды.
Қандай операциялық жүйені пайдаланып жүргенін біліп алып, сырттан қолжетімді болуы үшін жаңа қосымша жүктеуді ұсынады. Егер адам келіссе, онда ерікті түрде өзінің смартфонына кіруге рұқсат берді деген сөз. Содан кейін картаны заңсыз пайдаланғанды дәлелдеу қиын болады.