Елордада фискалдық чектерді бермеуді анықтайтын ілкі жоба іске асырылады
Елордада фискалдық чектерді бермеуді анықтайтын ілкі жоба іске асырылады
Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп-айырысу белгілі салық төлеушілер санатын қоспағанда бақылау-кассалық құрылғыларын міндетті қолдану түрімен жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БКҚ чегін бермеу табысты жасыруға, тиісті салықтардың төленбеуіне әкеледі, бұл жалпы көлеңкелі экономика көлемінің өсуіне соқтырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚК) 802-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептерінің бірі - жеке және заңды тұлғалар хабарландырулары және өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына түскен хабарландырулар болып отыр. БКҚ чегін немесе тауарлық чекті бермеу немесе БКҚ чегін немесе тауарлық чекті тауар сомасынан артық немесе кем көрсету, әкімшілік жауапкершілікке соқтырады.
Жауапкершілікке тартудың деректері: әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған тұлғаның түсінігі, жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер; маманның, эксперттің қорытындысы және көрсеткіші, заттай айғақтар; басқа да құжаттар; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және процессуальдық іс жүргізу хаттамасы. Осындай бұзушылықтарды бірінші рет жасаған кәсіпкерлер ескерту алуы мүмкін, жылдың ішінде қайта жасаған бұзушылыққа салық төлеушінің категориясына байланысты 15-ден 50-ге дейін АЕК айыппұл салынады. Осыны ескере отырып мемлекеттік кірістер органдарымен және салық төлеушілердің арасында әрекет алгоритмін жұмыспен өтеуге байланысты бақылау-кассалық машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаны Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуді жоспарлауда.
Ілкі жобаны жүргізу мерзімі - 2019 жылдың 12 тамызынан бастап 30 қарашасына дейін. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының азаматтарын БКҚ чектерін бермеу жолымен өз табыстарын жасыратын тұлғаларды анықтау нөлдік шыдамдылық көрсетуге шақырады.
1. Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алғанда БКҚ фискалдық чектерді талап ету қажет. Фискалдық чек мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: 1) салық төлеушінің атауы; 2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; 3) БКМ-ның зауыттық нөмірі; 4) БКМ-ның салық органындағы тіркеу нөмірі; 5) чектің реттік нөмірі; 6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт; 7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы; 8) фискалдық белгі; 9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ның бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін; 10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын; 11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін; 12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын; 13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын; 14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын; 15) БКМ-ның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
2. БКМ-ның чегін бермеген жағдайда сатушымен чек беруден бас тарту фактісін видеоға түсіріп дүкеннің атауы және мекенжайы, базардың, сауда үйінің атауы, сауда үйіндегі дүңгіршектің атауы, (базардағы орынның нөмірі) және кәсіпкерлік субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді түсіріңіз. Видеоматериалдарды соның ішінде Wipon мобильдік қосымша арқылы жіберіңіздер. Бұл ретте өзініңіздің тегі, аты, әкеңіздің атын (ол болған кезде), ЖСН, және байланыс телефонның нөмірін қосыша көрсету қажет. Осы деректер бұзушылық фактісі анықталған және фискалды чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда белсенді азаматтық позициясын білдірген азаматтарға сыйақы төлеу үшін қажет.