Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді
Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді
«АкТеп» ЖШС-мен 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр еті вакуумдық қаптамада Қытай Халық Республикасына жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аграрлық несие корпорациясы етті тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды қаржыландыруды жүзеге асырды. Қарыз сомасы - 9,3 млрд теңге. Сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылау алаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды.
Айта кету керек, ол ҚХР-ға жеткізіледі. Тауарлық мал сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүзеге асырылды. «Актеп» ЖШС үш жыл бойы Аграрлық несие корпорациясының адал клиенті болып табылады. Осы уақыт ішінде корпорация 13 мыңнан астам асыл тұқымды – төлдейтін мал басын сатып алуды қаржыландырды.
Тек ағымдағы жылдың өзінде-ақ Австралиядан, АҚШ пен Ресейден 5 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басы сатып алынды. Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын жоба қуатты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлдейтін ірі қара мал басын ұлғайтуды көздейді. «Ақтөбе ет кластері» ЖШС - бұл жоғары сапалы сиыр етін өндіруге маманданған экспорттық-бағытталған ет комбинаты. Кәсіпорын ет кластері өндірісінің толық циклындағы соңғы аяқтаушы нысан болып табылады. Комбинат ет өңдеу саласына толық қызмет көрсетеді және өзінің бордақылау базасы бар «АкТеп» ЖШС-мен айрықша жеткізу шарты бар. Сатып алынған мал ІҚМ бағуда тәжірибесі бар ауылдық кооперативтерге жалға берілетін болады. Орта есеппен бес шаруа қожалығынан тұратын бір кооперативке 1000 бас ірі қара мал беріледі. Осылайша, «АкТеп» ЖШС тарапынан репродукторларды салуға күрделі жұмсалымдарсыз-ақ облыста жыл бойы бордақылау алаңына және ет комбинатына ет бағытындағы сапалы малдарды жеткізетін асыл тұқымды шаруашылықтар құрылатын болады.
Бүгінгі күні «Алашанкоу фуксин трейд», «Ситик», «Шенчжень Вей Джиа интернейшенел Трейд» компаниялармен ет жеткізу бойынша меморандумдарға қол қойылған. Болжамды жеткізу көлемі жылдың соңына дейін 4000 тонна сиыр етін құрайды.