Қазақстанда азық-түлік тауарлары қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда азық-түлік тауарлары қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда азық-түлік тауарлары қаншаға қымбаттады?
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті бір жылда (2018 жылғы шілдеден 2019 жылғы шілдеге дейін) азық-түлік тауарларынның бағасы 8,7% өскені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Túrkistan Gazeti. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер, ақ қауанды қырыққабат, қызылша, қияр арзандады. Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы шілдеде қарақұмық жармасы орташа баға 2018 жылғы шілдедегі килограмына 257 теңгеге қарсы 240 теңгені, ал күрішке тиісінше 298 теңгеге қарсы 361 теңгені құрады. Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы шілдеде килограмына 236 теңгені, 2018 жылғы шілдеде 224 теңгені құрады. 2019 жылғы шілдеде сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1549 теңгені (2018 жылғы шілдеде – 1550 теңге), қаймаққа – 1064 теңгені (1027 теңге), айранға – 287 теңгені (278 теңге), пастерленген сүтке 242 теңгені (218 теңге) құрады.  width=