Жаңалықтар

Көпір салған құрылысшылар аштық жариялады

ашық дереккөзі

Көпір салған құрылысшылар аштық жариялады

Елордада көпір салған құрылысшылар аштық жариялады. Астанада көпір салып жатқан жұмысшылар 9 айдан бері жалақы алмаған. Төзімі таусылған құрылысшылар 8 тамыз күні ереуілге шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Шиеленіскен жағдайға Бас мемлекеттік еңбек инспекторы араласуға мәжбүр болған. Сол-ақ екен тоғыз ай тыпыр етпеген жұмысберуші, ақша аударуға дайын болып шыққан. "Біз аштық жариялаймыз. Түнімен осы жерде жату керек пе, жатамыз. Бздің ақшамызды бермегенше", - дейді аспаз Шайра Рузметова.  Жоба жетекшісі Александ Поповтың айтуынша, бухгалтерияға жиналған ереуілшілердің тізімі жіберілген. Алайда ол тізім бойынша 26 адам ғана екен. Ал айлығын ала алмай, аулына қайтып кеткен қанша жұмысшы бар. Компания басшылығы алдағы күндері олардың да еңбекақысын береміз деп отыр. "Бүгін мына мәселені шешкеннен кейін, ертең осы жерде істеген басқа адамдар арызбен қайтадан келеді ғой. Солар арызбен келмесі үшін сол мекемемен тексеру барысында жұмыстар жүргізіледі", - дейді көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.