11-12 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қытайға сапармен барады

9 тамыз, 2019 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзі
11-12 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қытайға сапармен барады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады, деп хабарлайды Túrkistan Gazeti Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.