7 Тамыз, 23:24 537 0 Білгенге маржан "Түркістан" газетінің авторлары

Күшікбай туралы аңыз

Шығыс Қазақстан Облысы,  Абай ауылына қарасты елді мекенде  қазақтың нар тұлғалы батыры Күшікбай атамыздың асуы орналасқан. Бұл асудан қыс кезінде өту қиын. Семейдегі ашық, желсіз күн асуға таянғаннан-ақ борандатып, қарлатып тұрады. Бұл кезді жергілікті халық "Күшікбай батыр ашуланып жатыр" деседі.

Халық ауыз әдебиетіне сүйенсек, ертеректе осы маңды мекендеген Күшікбай атты Уақтың батыры  болыпты. Күшікбай атамыз ержүрек, қайратты да қаhарлы болған екен. Айналадағы жау батырдан  қорқып, жолай алмапты. Күндердің бір күнінде Күшікбай сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Осыны пайдаланған жау батырдың  жан серігі тұлпарын айдап алып кетеді. Жаудың бұл әрекетін естіген батыр аурудан тұра сала , іштей ыза-кегі қайнап, жалаңаш денесіне сауытын  киіп,атқа қонады. Күшікбайдың атын ұрлаған өз руының адамы болған деседі.  Сөйтіп, жауын бірнеше қырдан асырып қуып,  қайтып келе жатқанда, ауруы асқынып , бір төбеге келіп,қылышын жерге қадап,жан тапсырған деседі. Сол төбешекті қазір "Күшікбай асуы" деп атайды. Бұл маңда көптеген ауруларға ем болған қасиетті,мұздай суық, балдай тәтті бұлақ орналасқан.

   Альбина Тумарова,  Семей қаласы,Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 3 курс студенті 

Соңғы жаңалықтар