"Томирис" фильмі прокатқа күзде шығады

"Томирис" фильмі прокатқа күзде шығады

"Томирис" фильмі прокатқа күзде шығады
ашық дереккөзі
"Томирис" фильмінің қазақстандық прокатқа шығатын күні белгілі болды.  Режиссер Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің қазақстандық прокатқа қашан шығатынын айтты.  - "Достар, біздің фильм 27 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі", - деп жазды Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, "Томирис" фильмі біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда болған оқиғаларды баяндайды, яғни ұлы даланы билеп алуға тырысқан парсылардың патшасы ІІ Кирге қарсы Томирис патшайымның басшылығымен сақ тайпасының қалай тойтарыс бергені көрсетіледі.