Жаңалықтар

Партия елмен етене жақын болуы тиіс

ашық дереккөзі

Партия елмен етене жақын болуы тиіс

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағ­дайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыс­тар­ды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларының қоры­тын­­ды­лары, бастауыш партия ұйым­дарымен жұмыс және партия қа­тарын тазарту үдерісі туралы баяндады. Сонымен қа­тар, ол демо­кра­тиялық күш­тердің жал­пы­ұлттық коалиция­сы жұмысының тоқ­тағаны және партияның Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің жұ­мысына инс­титуционалды қа­тысу жос­пары жөнінде хабарлады. Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағы байланыс­ты күшейтудің маңыз­дылығын айтты. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өмі­ріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақ­ыр­ды. «Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабыл­дау­лары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыста болып, тұрғындардың мәселе­ле­рін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.