Жаңалықтар

"Елбасы және халқы" оқырмандарға жол тартты

ашық дереккөзі

"Елбасы және халқы" оқырмандарға жол тартты

Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жарық көрген «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1995-2019 жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында сөйлеген сөздері топтастырылған. Басылымның негізі ретінде Елбасы кітапханасында сақталған Елбасының Жеке архивінен алынған бірегей фотосуреттер мен құжаттар пайдаланылған. Кітап Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретіндегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және оның Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша көпқырлы қызметі мен жігеріне арналған. Елбасы және Халқы – тәуелсіз Қазақстанның біртұтас ұғымы ретінде қарастырылған. Сондай-ақ, саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің авторы Н.Ә.Назарбаев туралы жарық көрген мақалалар мен этномәдени бірлестік өкілдерінің Елбасына жолдаған жүрекжарды лебіздері көрініс тапқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев аталған кітапты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жасаудың, нығаюы мен дамуының түбегейлі жылнамасы деп атады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзінде барлық этносаралық топтар мен ұлыстар Қазақстанның байлығы болып табылатынын айтты. «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда тұратын барлық этностарға қатысты саясаты – дұрыс бағытта дамуда. Сіздерге жол тартқан «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесері құтты болсын! Елбасының бейбітшілік пен келісімге жетелейтін жалынды сөздерін оқып, орамды ойларына көңіл аударып, оның әрбір оқырманның жүрегінен орын алатыны сөзсіз. Біз татулық пен келісім жолын таңдадық, осы сара жолда бірге күш жұмылдырып, табысты еңбек етеміз. Елімізге бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық тілеймін», - деді Министр. «Елбасы және халқы» кітабын дайындау үшін Елбасы кітапханасының қызметкерлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жеке архиві қорынан материалдарды іріктеді. Әуелгіде 250 фотосурет, қолжазбалар, деректі материалдар іріктеліп, кейін «Елбасы қызметі тұрғысынан Ассамблеяның қалыптасу тарихы» және «Тәуелсіздік таңында Елбасы бастамасының арқасында ұлттық-мәдени орталықтар ретінде жасақталған этномәдени бірлестіктердің тарихы» екі бағытта жүйелендірілді. Жиналғандарды бірегей басылымның жарыққа шығуымен құттықтаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева: 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен республикада Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырылып, ол барлық азаматтарды қай этносқа жататынына, діни нанымына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, сенімді шоғырландырушы алаңға айналды. Этностар арасында құрылған өзара қатынас жүйесін әлемде «Назарбаевтың моделі» деп атайды. Ассамблеяның жоғары органы – сессия. Басылымның бірінші тарауында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғанда, сессияда сөйлеген сөздері жинақталған. Екінші тарау Елбасына арналған және онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қасында жүріп, қызмет еткен жандардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА-ның басқа құрылымдары басшыларының Елбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдары топтастырылған. Үшінші тарау – шынайы ризашылық сезім мен терең құрмет білдіру. ҚХА негізін қалаушымен тарихи оқиғаларға толы күрделі де қызғылықты жолды бірге өткен этномәдени бірлестіктердің өкілдері саясаткер, азамат және адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің авторына риясыз көңілден шыққан алғыстарын жеткізеді.