Украинаның Жоғарғы Радасына бес партия өтті
Украинаның Жоғарғы Радасына бес партия өтті
Украинаның орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады.
Сайлау нәтижесі бойынша, бес партия Жоғарғы Радаға кірді:
"Слуга народу" – 43,16%;
"Опозиційна платформа — За життя" – 13,05%;
"Батькивщина" – 8,18%;
"Європейська солідарність" – 8,10%;
"Голос" – 5,82%.
Украинада бұл сайлау аралас жүйе бойынша өтті: 450 депутаттың жартысы партия тізімі бойынша сайланды, қалғаны бір мантатты округтар бойынша дауыс жинады. 22 саяси партиядан екі жарым мыңнан астам адам сайлауға түссе, мажоритарлы үміткерлер саны үш мыңнан асты.