Жаңалықтар

Қазақстан халқы сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде тұтынбайды

ашық дереккөзі

Қазақстан халқы сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде тұтынбайды

24 шілдеде Халықаралық өзіңе қамқорлық көрсету күні (International Self-Care day) аталып өтіледі. Бұл күннің маңыздылығын айта отырып, Danone компаниясы қазақстандықтардың сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіштерімен бөлісті. Қазақстандағы Danone компаниясының сарапшыларының айтуы бойынша, елімізде сүт өнімдерін аз тұтыну салдарынан остеопороз дертінің (сүйекті зақымдайтын созылмалы жүйелі ауру) кеңінен таралуы мүмкін. Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың сүт өнімдерін пайдалану көрсеткіші күніне 700 граммды немесе ересек адамдарға шаққандағы минималды тәуліктік көрсеткіштің 79%-ын құрайды. Дәрігерлер Қазақстандағы остеопороз дертінің 2012 жылдан бастап 8 мәрте өскенін айтады. Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларды сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында Danone-Berkut зауыты жылына 12 000 тонна таза ферма сүтін қайта өндіреді. Зауыт жергілікті шаруа қожалықтары мен жеке фермаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп, қызметкерлерге дәріс сабақтарын жүргізіп, сүт өнімдерінің сапалы өндірісі бойынша кеңес беріп, сақтау мен салқындатуға қажетті өндірісті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Таза сүтпен қамтамасыз ететін 13 шаруа қожалығының жұмыс бағаланып, компания стандартына сәйкес келетін 9 ферма таңдап алынды. Осы 9 ферма зауытқа тұрақты түрде таза сүтті жеткізеді. «Біздің компания үшін өндірілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі басты орында. Таза сүтті қабылдап алудан бастап, дүкендегі дайын өнімге дейін өндірістің барлық кезеңінде біздің өнім бірнеше мәртелік сапа бақылауын өткізіледі. Таза сүт зауытқа қабылданып, өндіріске жіберілместен бұрын ол сапа мен қауіпсіздіктің 17 параметрі бойынша сынамадан өткізіледі. Өндіріс кезеңінде де дайын өнім дүкен сөрелеріне жеткізілместен бұрын 30-дан астам сараптама жүргізіледі,» - деді Қазақстандағы Danone зауытының директоры Виктор Юзефович.