25 Шілде, 11:54 439 0 Қоғам Айгерім Алтыбай

Дәмханаларда санитарлық қауіпсіздік күшейтілмек

«Санитарлық тексерістен өткенін білдіретін жапсырма қағаздары еліміздің дәмхана есіктерінде пайда болады», - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев осылай деп мәлімдеді.

"Көп жасағаннан сұрама, Көпті көргеннен сұра." Халық мақалдарында ғасырлар бойы жалғасқан даналық жатыр. Бұны не үшін сөз етіп отырмын? Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жас, энергияға толы, талантты, әрі әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарда білім алған топ құрылды. Бұл, Yelzhan Birtanov-тың көшбасшылығының арқасында. Күнделікті жұмыста осындай тәсіл жәрдемін тигізуде, мақал да дөп басып айтылған! Осының айқын үлгісі Ainur Aiypkhanova болмақ. Ол маған жақында АҚШ-тың қоғамдық тамақтану орнынан фотосуретті көрсетті. Келушілер қойылған баға дәрежесін, арыз-шағым туындаған жағдайда байланыс нөмірлерін құзырлы орган тексерген санитарлық талаптарға сай келетін қорытындысын дәмханаға кіреберіс есікте көре алады», – деді Олжас Әбішев өзінің Facebook парақшасында.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек бұл идея министр тарапынан қолдау тапқан. Жүзеге асыру жұмыстары да басталыпты. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің командасы арнайы сайт дайындауда. Сайтта мобильдік қосымша арқылы жапсырма қағаздарын тексеруге, тіпті арыз-шағым қалдыруға болады.

«2 апталық мерзім қойылды, есеп басталды!», – деді ол сөз соңында.

Соңғы жаңалықтар