Мемлекеттік рәміздерге қатысты эстафета жоғарғы деңгейде өтті
Мемлекеттік рәміздерге қатысты эстафета жоғарғы деңгейде өтті
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деп Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай рәміздердің адам өмірінде алатын орны зор.
Соған орай шілде айында Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Мемлекеттік рәміздердің бірімен түскен фотосуреттер» эстафетасы республикалық деңгейде өтті. Эстафетаға кәрі-жас демей, бүкіл қазақ елінің ұлтжанды азаматтары мен азаматшалары белсене қатысты. Эстафета шілде айының 2-жұлдызынан бастап, 21-не дейін жалғасты. Эстафета «Вконтакте», «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде, «Whatsapp» мессенджерінде жүзеге асты. Аталған әлеуметтік желілерде қатысушылар мемлекеттік рәміздермен түскен фотосуреттерін жариялап, астына құнды жазбаларын жазды.