Жаңалықтар

Ассамблея өкілдері Абай өлеңдерін оқыды

ашық дереккөзі

Ассамблея өкілдері Абай өлеңдерін оқыды

Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай жолданып жатқан эстафетаны Қазақстан халы Ассамблея өкілдері де іліп әкетті. Басқа ұлт өкілдері Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқып, жұрттың алғысына бөленді. Бүгінгі таңда челленджді қолдап, қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқыған этнос өкілдерінің саны жүзден асты. 582 әлеу­меттік желі қолдану­шысы Абай Құнанбаев өлең­дерінен үзін­ді оқып, өз парақ­шасына видео салған. Алматыдағы Достық үйін­­де Қазақстан халқы Ас­сам­­­блеясы төрағасының орын­басары – Прези­дент Әкімшілігі ҚХА хат­шы­­лығының меңгеру­шісі Жансейіт Түймебаев қа­зақтың ұлы ақыны Абай Құнан­баевтың 175 жыл­ды­ғына арналған Абай өлең­дерін оқу эстафетасына қа­тысушылармен кездесті.