Жеңіс Сариев жаңа қызметке тағайындалды
Жеңіс Сариев жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасына Жеңіс Сариев басшы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Жеңіс Болатұлы 1975 жылы Жамбыл ауданы, Асы ауылында туған.
Білімі жоғары. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отырған әке.
Еңбек жолын Жамбыл ауданы, Асы совхозында жұмысшы болып бастаған
Ж.Болатұлы әр жылдары Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 3-ші бөлімше бастығының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының Кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, басшысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ұйымдастыру бөлімінің басшысы, облыс әкімінің бас инспекторы болып еңбек еткен.
Бүгінге дейін облыс әкімі аппаратының Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.