Шекарашылар есірткі алқабын жойды

Шекарашылар есірткі алқабын жойды

Шекарашылар есірткі алқабын жойды
ашық дереккөзі
Жуырда шекарашылар Семейде және Қордайда екі қазақстандықты есірткі заттарымен ұстап, Тараз шекара отрядының аумағында есірткі алқабын жойды. Семей шекара отрядының «Ауыл теміржол» бөлімшесінде «Бішкек-Новокузнецк» бағытындағы № 385 пойызды тексеру барысында вагондардың бірінің жұмыс тамбурындағы әжетхананың жылу жүйесінің астынан, қызметтік иттің көмегімен салмағы 50 грамм мөлшерінде «марихуана» есірткісі табылды. Ит есірткі затының иесі ретінде 1978 жылғы қазақстандықты нұсқады. Ұсталған азамат Семей теміржол бекетінің желілік полиция бөліміне тапсырылды. Қордай тексеріп-өткізу пунктінде шекара наряды қызметтік иттің меңзеуімен көрші елден келе жатқан 20 жастағы қазақстандықтың қол жүгінен салмағы 2 грамм мөлшерінде «марихуана» есірткісін тапқан болатын. Бұл «бер жағы» ғана екен. Оның жол сөмкесін тереңірек тексеру барысында, шүберектерге мұқият оралып, 19 сіріңке қорабына салынған «марихуана» есірткісі табылды. Ұсталған азамат есірткі затымен бірге Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Тараз шекара отрядының «Аспара» шекара заставасының аумағынан шекарашылар кеше кешкілік, сағат 20.00 шамасында «марихуана» есірткісін алатын жабайы қарасора алқабын тауып алды. Түнгі сағат 21.00 – 21.30 аралығында Аспара ауылы Әкімдігінің өкілдерін қатысуымен отырып, 2200 түп кендірқурай өскен қарасора алқабы өртелді.