Жазғы жастар лагері дарынды кәсіпкерлерді шығарды
Жазғы жастар лагері дарынды кәсіпкерлерді шығарды
Ауқымды жобаның екінші кезеңіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен жиналған 200 жас дарын қатысты.
Осы кезеңнің 9 күнінде 200 лагерь қатысушылары келесі төрт бағыттағы жобалар бойынша талмай еңбек етті, олар: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа.
Тәлімгерлер мен әділ қазылар алқасының пікіріне сүйенсек, әр жоба өзінің бірегейлігімен және таңдалған бағыттағы негізгі міндеттерді бірыңғай емес тәсілмен шешу жолдарымен ерекшеленді. Олардың қатарында: ауылдық жерлерде арнайы биогаз қондырғыларын орнату, биологиялық тұрғыдан шіритін материалдан жасалатын және 350 ретке дейін қолдануға болатын эко-баxилалар, халва, май, косметика алуға болатын сафлор өсімдігін өсіру, жасанды және химиялық элементтер қосылмаған, жануарларға арналған «тірі» қорек өндіру тәрізді жобалар болды. Одан бөлек, қимыл-тірек жүйесі бұзылған жандарға көмектесуге бағытталған жоба да бар, мұнда жастар арнайы төсек пен жүруге арналған қимыл ұқсатқышы, әйелдердің ұрпақ жаңғырту денсаулығына байланысты мәселелерді шешуге арналған инновациялық платформа және т.т. бар. Барлық жоба сарапшы қазылардан жоғары баға алды.
Екінші кезеңнің әр күні терең ой-толғаулармен және жобамен жұмыс жасаудан бөлек, дәстүрлі түрде, лагерь қатысушыларына атақты спикерлер келіп, ынталандыратын сөздер айтып, кездесулер өткізді.
Олардың қатарында қазақстандық танымал альпинист, ҚР альпинистер құрамасының капитаны, альпинизм спорты бойынша ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жоғары деңгейлі альпинизм бойынша ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, әрі жүлдегері Мақсұт Жұмаев; кәсіпкер, Қазақстандағы ең ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы Тимур Хұдайбергенов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтандағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов бар.
Маусымның салтанатты жабылуына ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қатысты. Ол қатысушылардың барлық жобасына жақсы баға беріп, «Зерен-2019» лагерінің ұйымдастырылуы мен дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Осында болып жатқанның бәрін көріп шын жүректен қуаныштымын. «Зерен-2019» лагері – бұл қазірдің өзінде өміріміздегі көптеген мәселелерді шешудің ерекше жолдарын ұсынатын жас ақылдардың квинтэссенциясы. Барлығыңыздың табысты кәсіпкер болып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды және оларды Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге көрсетулеріңізді, әрі қолдануларыңызды тілеймін», - деді Фатима Надырқызы.
Білім беру лагерінің екінші маусымының жеңімпаздары:
"Эко бахилы Zeren" жобасымен UPGRADE командасы. Кем дегенде 350 рет пайдалануға болатын биологиялық ыдырайтын материалдан эко-бахил тігу.
Q4 командасы "Тақымды тұлға"жобасымен. Ұлттық ат оқу орталығының ашылуы.
Arasan командасы "Aiel Baqyty" жобасымен. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына байланысты барлық проблемаларды шешу үшін инновациялық платформа құру.
Демеу командасы "Демеу" жобасымен. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін оқу курсы және тұрақты жұмысқа орналастыру
"Агро-М" жобасымен Ұмтылу командасы. Халва, май, косметика жасауға болатын сафлор өсіру, химия мен тыңайтқыштарды пайдалануға шығынсыз жануарларға арналған "тірі" азық.
Әр команда 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, ал жалпы жүлде қоры 5 млн.теңгені құрады.
Сондай-ақ бизнес-періштелердің "Хака" командасы мен "Trend Team"командасына 2 млн.теңге табыс етілді.
«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.