Жаңалықтар

Баландин Токио олимпиадасына қатыса ма?

ашық дереккөзі

Баландин Токио олимпиадасына қатыса ма?

21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады. Бұл - Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. Сондай-ақ, біздің спортшы 13-орыннан көрініп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.