Арман Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды

Арман Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды

Арман Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Түрлі жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, Премьер-Министр Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған. Биылғы жылдың сәуірінде Арман Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Президентінің өкімімен Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.