Жаңалықтар

«Томирис» фильмі көрерменге күзде жол тартады

ашық дереккөзі

«Томирис» фильмі көрерменге күзде жол тартады

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің трейлерін жариялады. Трейлерде жақындарынан айырылған кішкентай Томиристің Сақ патшайымы лауазымына дейінгі өмір жолы көрсетіледі. Онда Сақ тайпаларының Парсы патшасы Кирге қарсы жорығы көрініс тапқан және кейіпкерлер ежелгі түркі, ежелгі парсы тілдерінде сөйлейді. Фильм 2019 жылдың күзінде көрермен назарына ұсынылады. Патшайымның рөлін сомдауға 15 мың үміткердің ішінен психолог-коуч Альмира Тұрсын таңдалған еді.