Moody's "ForteBank" АҚ рейтингін В3-тен B1-ге дейін көтерді
Moody's "ForteBank" АҚ рейтингін В3-тен B1-ге дейін көтерді
ForteBank рейтингі бірден екі сатыға көтерілді. Бұл туралы 2019 жылғы 15 шілдеде Moody's Investors Service ("Moody's") халықаралық рейтингтік агенттігі ForteBank В3 депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті В1-ге, рейтинг болжамы «Тұрақты» деңгейіне дейін көтергені туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Осыған орай, пікір білдірген Moody's сарапшылары:
– Рейтингтің артуы – Банктің кірісі мен соңғы екі жылдағы қаржылық тұрақтылығының жақсарғанын көрсетеді. Банк табысының артуының негізгі себептеріне тоқталсақ, ол оның бизнесінің өсуі, шығыстарды ұстап қалу, ұзақ жылдық проблемалық берешекті қайтару және комиссиялық алымдарды арттыру жұмыстарын тиімді жүргізудің нәтижесі деп айтар едім. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы мәліметтер бойынша ForteBank активтерінің көлемі жөнінен нарықтық үлесі 8% болатын Қазақстандағы екінші ірі банк болып табылады, – деді.
Ал, ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили аталмыш жағымды жаңалыққа байланысты: "ForteBank оң қаржылық және операциялық нәтижелерге қол жеткізуді жалғастырып келеді. Сонымен бірге банк елдегі жоғары капиталдандырылған, ең өтімді және инновациялық банктердің бірі болып табылады. 1 маусымда банк активтерінің көлемі 1 897 миллиард теңгені құрап, жыл басынан бері 120 миллиард теңгеге (+7%) өсті. Маусым айында S&P Global Ratings ForteBank рейтингтерін "В" - тен "В+" - ке дейін көтерді. Бұл да біз үшін үлкен жетістіктің бірі. Рейтингтердің кезекті жақсаруы Қазақстандағы ForteBank нарықтық позицияларының күшейтілуінің дәлелі болып табылады. Біз осы бағыттан танбай, тұтынушыларымызға сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра береміз", – деп өз ойын білдірді.