Талайдан жыр болған жер дауы шешілді

Талайдан жыр болған жер дауы шешілді

Талайдан жыр болған жер дауы шешілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстанда екі жыл бойы жол құрылысына кедергі болған жер дауы шешімін тапты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында айтты. Өскемен-Рахман қайнары бағытындағы жолдың Осинов ирегі деп аталатын тұсы ең қауіпті бөлік саналады. Осы иректі айналып өтетін тіке жолдың құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Кейін жолдың кейбір бөлігі орман қорына кіретіндіктен, құрылыс жұмысы кешеуілдеп қалған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік орман қорындағы жерді құрылысқа пайдалануға рұқсат бермеген. Салдарынан ені 177 метр болатын, тереңдігі кей тұстарда 45 метрден асатын сайға көпір салу жұмысы орта жолда тоқтатылған. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, осы мәселені біржола шешетін Үкімет қаулысы шығыпты. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 1,55 және 24,3 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылды. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолының (72-88 км) және (56-72 км) учаскелерін реконструкциялау үшін «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне берілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған уасткеде құрылыс жұмыстары толықтай жүргізілуде», - делінген ресми мәліметте.