Универсиаданың бюджеті қысқарды

Универсиаданың бюджеті қысқарды

Универсиаданың бюджеті қысқарды
ашық дереккөзі

2017 жылы елімізде өтетін универсиаданың бюджеті екі есеге қысқарды. Қысқы студенттер ойынының ашылу және жабылу салтанатына бөлінетін қаржы 1,2 миллиард теңгеге кеміді.

Ұйымдастырушылар түрлі мәдени шаралар, жарнама мен маркетинг есебінен тағы 1,5 миллиард теңге үнемдеп отыр. Ал Қысқы ойындарда қызмет көрсететін көліктер уақытша жалданады. Бұған дейін бұл көліктердің 1 миллиард теңгеге сатып алынатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ, спорттық нысандарда өтетін тесттік жарыстарға бөлінген қаржы да 500 миллион теңге қарастырылған еді, қазір ол қаражат та қысқарды.

Сонымен, 2017 жылы Алматыда өтетін спорттық шараның бюджеті 32 миллиард теңгеден 17 миллиарлқа қысқарып отыр. Ал қаржының қысқаруы универсиаданы өткізу сапасын төмендетпейті деп отыр ұйымдастырушы тарап. «Универсиада-2017» ұйымдастыру комитетінің директоры Әсет Әбдуәлиев: «Әкімдік бізге нақты тапсырмалар қойды. Біріншіден Универсиада жоғары деңгейде өтуі тиіс. Екіншіден бюджетті толық меңгеру емес, бөлінген қаржыны үнемдеуіміз қажет. Яғни, 17 млрд теңгеден қалғанын қайтару жоспарлануда», – деді КТК арнасына берген сұхбатында.