Жаңалықтар

"Зов предков-2019" халықаралық автошеруі Атырау қаласына келді

ашық дереккөзі

"Зов предков-2019" халықаралық автошеруі Атырау қаласына келді

Бүгін Солтүстік жəне Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық автошеру Атырау қаласына келіп жетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Халықаралық автошеру "Ресей халықтарының Ассамблеясы" жəне жалпыресейлік қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен Мəскеу қаласынан бастау алған болатын. Бұл шеру Мәскеу – Ташкент – Нұрсұлтан – Ұлан–Батор-Пхеньян – Пекин – Сеул – Мәскеу бағыты бойынша жүреді. Автошерудің негізгі мақсаты елдің халықтарының бірлігін нығайтып, халықаралық байланысты нығайту. Бүгін сол автошерудің қатысушыларымен Атырауда кездесу өтті. Кездесуде Атырау қаласы əкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысушыларға өңірімізге келгендері үшін алғысын айтып,ризашылығын білдірді.